Loading...

Қазақстан Республикасы
Quiz by Symba
Customize this quiz to suit your class
Instantly translate to 100+ languages
Tag the questions with any skills you have. Your dashboard will track each student's mastery of each skill.
Give this quiz to my class
Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. 1-сабақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» делінген. Осы конституциялық норма – барлық отбасы құқығы жүйесінің негізі. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасы құқығы деп аталады. 2011 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексі қабылданды. Осы Кодекс ерлі-зайыптылық (отбасылық) қатынастарды реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басымдығы ретінде дамытуды айқындай отырып, отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Баланың құқықтары туралы» (2002 ж.), «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» (2000 ж.), «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» (2004 ж.) Заңдардың маңызы зор. Отбасын құрудың негізі – неке. Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да, шешесі жағынан да атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Бұл ретте балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз зайыбын (ерін) бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады. Отбасы құқығы – отбасы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөледі. Бүгінде төрт және одан да көп баласы бар отбасылар көпбалалы болып саналады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс отбасылық құқық принциптерін бекітеді: ер мен әйелдің ерікті некесі; отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі; отбасының ісіне біреудің өз бетінше араласуына жол бермеу; отбасындағы мәселелерді өзара келісім бойынша шешу; балаларды отбасында тәрбиелеудің басымдылығы, олардың өсуі мен әл-ауқатына қамқорлық жасау; отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке жарамсыз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау; отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндігі; отбасының барлық мүшесінің салауатты өмір салтын қолдау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган – Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы. Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Бірінші түрі – отбасының құқығын бұзылған немесе талас құқықтарды қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды тарту арқылы қорғау. Бұлар – сот, прокурор, Азаматтық хал актілерін тіркеу органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары. Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ұйымдар мен азаматтардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмек сұрамай-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттер құқықты өз бетінше қорғау деп аталады. Мемлекеттік билік органдарына отбасының жеке істеріне араласуға тыйым салынған. Отбасы мүшелеріне баланы қалай тәрбиелеу, тіл алмаған балаларға қандай жаза қолдану, отбасылық бюджетті қалыптастыру және тағы басқалар туралы бұйрық беруге ешкімнің құқығы жоқ. Осылайша отбасының ішкі құрылымы құқықтық реттеуден тыс қалады және моральдық принциптерге негізделеді. Отбасы – бір-бірімен мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер арқылы байланысқан адамдар тобы. Олар некеге тұру, туыстық, асырап алу немесе балаларды тәрбиеге алудың басқа да формалары арқылы туындайды. Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Туыстық – бір-бірінен немесе ортақ ата-бабадан тарайтын тұлғалардың тығыз байланысы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
#1. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстанның қай мемлекеттік рәмізі алғаш рет бекітілді? Әнұран Астананың атауы Ту Елтаңба #2. Қазақстан Республикасының Конституция күні қашан тойланады? 25 қазан 16 желтоқсан 30 тамыз 1 мамыр #3. Қазақстандағы ең үлкен қала қандай? Астана Шымкент Алматы Қарағанды #4. Осы мемлекеттердің қайсысы Қазақстанмен шектеспейді? Түрікменстан Тәжікстан Өзбекстан Қырғызстан #5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының қай элементі елде тұратын барлық халықтар үшін ортақ үйді бейнелейді? Шаңырақ Жұлдыз Тұлпарлар Ою-өрнек #6. Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігі жарияланғанына 35 жыл қай жылы болады? 2028 2025 2026 2024 #7. Қазақстанның қай мемлекетпен ең ұзын шекарасы бар? Өзбекстан Ресей Түрікменстан Қытай #8. 1993 жылы Қазақстанда алғашқы 1 теңге купюрасы қандай бейнемен шығарылды Әл-Фарабидің портретімен Қазақстан Елтаңбасымен Абай Құнанбаев бейнеленген Байқоңыр ғарыш кемесі бейнеленген #9. Жаңа жылды Қазақстан аумағында неше рет қарсы алуға болады? 4 рет 1 рет 3 рет 2 рет #10. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге қай жылы енгізілді? 1992 1991 1994 1993 #11. Қазақстанның алғашқы ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетов Юрий Гагарин #12. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы шешім қашан және қай жерде қабылданды? 1990, Мәскеу 1992, Киев 1991, Минск 1989, Алматы #13. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде бекіткен құжат қалай аталады? Бостандық туралы жарлық Тәуелсіздік декларациясы Қазақстан Конституциясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң #14. Тұлпарлар Қазақстан Республикасының қай мемлекеттік рәмізінде бейнеленген? Банкноттарда Монеталарда Елтаңбада Туда #15. Қазақстандағы халық саны бойынша ең үлкен қала қандай? Алматы Қарағанды Ақтөбе Астана #16. Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қашан қол қойды, оған сәйкес Қазақстанның жаңа Астанасы пайда болды? 1997 жылдың тамызында 1996 жылдың қазан айында 1997 жылғы желтоқсанда 1995 жылдың қыркүйегінде #17. Астана қаласының қай символы Қазақстан жас мемлекетінің тәуелсіздігін білдіреді? Бейбітшілік және келісім сарайы Хан Шатыр Астана-Бәйтерек Монументі "Мәңгілік Ел" салтанатты аркасы #18. Қазақстан Республикасының Әнұраны сөздерден басталады? Туған жерім Менің Қазақстаным Алтын күн аспаны Елім менің, жерім менің #19. Қазақстанда қанша этнос тұрады? Шамамен 70 Шамамен 120 Шамамен 50 140-тан астам #20. Қазақстан Республикасының заң шығарушы органы қалай аталады? Жоғарғы Сот Конституциялық Кеңес Мемлекеттік Жиналыс Қазақстан Республикасының Парламенті #21. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) қашан ыдырады? 1990 жылдың қаңтарында 1991 жылы наурызда 1992 жылдың қарашасында 1991 жылдың желтоқсанында #22. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін сайлауда алғаш рет қашан жеңіске жетті ? 2018 жылғы наурызда 2019 жылғы наурызда 2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы маусымда #23. Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін жариялады? 1993 1991 1992 1990 #24. 1 мамырда Қазақстанда қандай мереке тойланады? Достық пен домбыра мерекесі Еңбек күні Қазақстан көшпенділер күні Үлкен дастархан күні Қазақстан халқының бірлігі күні #25. Тәуелсіз Қазақстан өзінің алтын қорын қалыптастыруды бастап, қай жылы алтынның алғашқы құймасын өндірді? 1995 жылғы қаңтар 1992 жылғы қаңтар 1990 жылғы желтоқсан 1991 жылғы қаңтар
Қазақстан
Қазақстан тарихы ҰБТ
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдарға кіріспе - Starter Quiz
Қазақстан тарихы картасымен танысу - Starter Quiz
Қазақстан тарихы 2019 тест 5003 нұсқа