placeholder image to represent content

"Ұшқан ұя" романынан сынама тест

Quiz by Nuraiym

Our brand new solo games combine with your quiz, on the same screen

Correct quiz answers unlock more play!

New Quizalize solo game modes
30 questions
Show answers
  • Q1
    "Ұшқан ұя" романындағы 1910 жылдың қысында, ескіше декабрьдің 24-де дүниеге келген кейіпкер
    Момыналы
    Бауыржан
    Үбиян
    Момынқұл
    30s
  • Q2
    Құрық деп берсем — құл болма, Шыбық деп берсем — шіл болма. Бəрінен де, шырағым, Баяны жоқ ұл болма! - деп Бауыржанға өсиет айтқан кейіпкер:
    Әкесі Момыш
    Атасы Имаш
    Әжесі Қызтумас
    Анасы Разия
    30s
  • Q3
    Шығармадағы жартыны жаза алмай, қанша күн басы қатып, сасқан би, молдаларға ½ деп жазып, Текебай бидің тоқтап қалған қағазын жүргізіп берген кейіпкер:
    Әлима
    Момынқұл
    Бауыржан
    Момыналы (Момыш)
    30s
  • Q4
    Қабылбек жағы Текебайды ұры деп, əділдігі жоқ парақор деп, ұлыққа жамандап жаза берсе керек. Қабылбек жағының əлгіндей жаласына шыдай алмай, жанына он жігіт ертіп, Қабылбектің аулына тасырлатып жетіп барған кейіпкер:
    Момыналы
    Бауыржан
    Серкебай
    Момынқұл
    30s
  • Q5
    Бауыржанның аяғын жерге тигізбей қағып алып, аспанға көтеретін, биікке бой создырып мәз болатын, содан соң елжіреп камзолына жасырып алып, жүгіре жөнелетін кейіпкер:
    Әпкесі Әлима
    Көкесі Момынқұл
    Әжесі Қызтумас
    Әпкесі Үбиян
    30s
  • Q6
    Бауыржанды ойнатып жүріп, үйдің ескі-құсқысынан дөңгелек қора жасап, сол қораға еліктіріп әкеп Бауыржанды қамап, ермен бекітіп кеткен кейіпкер:
    Көкесі Момынқұл
    Әпкесі Әлиман
    Әпкесі Үбиян
    нағашы көкесі Серкебай
    30s
  • Q7
    Бауыржанды оң алақанына тік тұрғызып алып, алты қанат үйдің ортасында арлы-берлі жүріп “Ал, кәне балапаным? Қанаттанып қашан ұшасың?” деп қойып, жыласа “дуана келіп қалады” деп қорқытатын кейіпкер:
    Әпкесі Әлиман
    Көкесі Момынқұл
    Нағашысы Серкебай
    Әжесі Қызтумас
    30s
  • Q8
    Өзі қонақтарға қымыз құйып отырып, ымдап шақырып құлағына «Сен немене, аталарыңа сəлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» деп сыбырлап Бауыржанды қызартатын кейіпкер:
    Атасы Имаш
    Анасы Рәзия
    Әжесі Қызтумас
    Әкесі Момыш
    30s
  • Q9
    Бауыржанға ата-тегін үйретіп, жеті атасын жетелеп отырып санататын кейіпкер:
    Әкесі Момыш
    Анасы Рәзия
    Атасы Имаш
    Әжесі Қызтумас
    30s
  • Q10
    Бауыржанға «Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп ақсайды, қодық ақырады...» деп малдың тілін ұғуды үйрететін кейіпкер:
    Әкесі Момынқұл
    Атасы Имаш
    Анасы Рәзия
    Әжесі Қызтумас
    30s
  • Q11
    Бауыржанға жастайынан қазақша жыл қайыруды, күн мен ай аттарын, жыл аттарын жаттатқан кейіпкер:
    Әжесі Қызтумас
    Әкесі Момыш
    Анасы Рәзия
    Атасы Имаш
    30s
  • Q12
    Бауыржанның тауық жылы дүниеге келген, жүнін жұлған тауық деп мазақ ететін әпкесі:
    Әлиман
    Үбиян
    Құрманкүл
    Үбіш
    30s
  • Q13
    Әжесі Қызтумастың үзіндіден байқап, кім үшін налығанын анықты. — Сен тентек, мені ажалымнан бұрын өлтіретін болдың ғой. Əр жарақатың мені жегідей жеп, белім бүкірейіп бара жатқанын, аясаң етті тым болмаса! Қандай жын екен сендегі алып-ұшып тұрған. Қайтейін, шырағым, аман бол əйтеуір:
    Серкебай
    Бауыржан
    Момынқұл
    Момыналы
    30s
  • Q14
    Үзіндіні мұқият оқып, қай кейіпкердің сипаты екенін анықта. Асыл киімдерді қонымды етіп, сымбатты киініпті: алдымен құндыз бөркі құлпырып көз тартады. Бөркін шешкенде, көк тақыр етіп қырған басында оқалы барқыт тақиясы қалды. Бешпет сыртынан буған кемер белдігінің жалпақтығы кере қарыстай еді. Сабы күміспен күптелген қамшысын сəнмен қос бүктеп қасына қойыпты. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы өткір көзі ашақ жүзін айбарландырып жібереді екен. Қияқтай етіп бастырған мұртының ұшы екі езуін жиектеп көмкеріп тұр. Селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Ол аз сөйлеп, əр сөзін нығарлап, таптап, қарсы отырған адамына қарай қамшысын немесе сұқ қолын нұқып сесті айтады екен. Ешкімді бет қаратпайтын, айналасын айбармен меңдеп алған, өркөкіректеу көрінді. Өз қатарларының өзін менсінбейтін кісі, біз сияқты бала-шағаға көз қиығын да салған жоқ.
    Қабылбек
    Текебай
    Момынқұл
    Серкебай
    30s
  • Q15
    Өзінің бауырларының ынжық екенін, бүкіл ел намысы, ел ары өзінің мойнында екенін, ауылдың атын шығарам деп жүріп құранға құлап отыруға мұршасы да, уақыты да жетпейтінін айтып ренжіген кейіпкер:
    Момыналы (Момыш)
    Текебай
    Серкебай
    Қабылбек
    30s

Teachers give this quiz to your class